Қызылорда облысының су айдындарында рейдтер жалғасуда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Аптап ыстыққа байланысты облыс су айдындарында демалушылар күрт көбейді. Аймақ тұрғындары көбінесе ыстықтан шаршап, жағажайға барып демалады. 

Бірақ солардың көбі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судағы төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Қызылорда облысы ТЖД және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әр күн сайын шомылуға рұқсат етілмеген орындарда демалушы тұрғындар арасында профилактикалық бағытта патрульдік, рейдтік шаралар жүргізіп, қауіпсіздік ережелерді сақтау туралы белсенді жұмыс жүргізіп, суға  кету қаупі бар  адамды құтқару әдістері мен алғашқы медициналық көмек көрсету негіздемелері туралы әңгіме жүргізіп, шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтау туралы жадынамалар таратты.
null

12-13 тамызда Сырдария өзені,  Жаңа көпір маңы, Сталинск каналдары аумағында жергілікті полиция қызметінің атты патрулінің аға сержанттары  Жеңіс Қабылбеков және Асқар Құрақбаевтармен бірге Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы құтқарушылары, облыстық ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен рейд өткізілді.
null 

ТЖ қызметкерлері тұрғындардың су айдындары жағажайында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауы және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ескертті.
null

«Су қателікті кешірмейді. Өзіңізді және жақындарыңызды қайғылы жағдайға ұшыратпаңыз. Судағы қауіпсіздік ережелерін барынша  қатаң сақтаңыз», -дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар