Қызылорда облысының әкімі спортшыларды қабылдады

None
None
  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтөбеде өткен "Ақ бидай" республикалық VI ауыл спорты ойындарының жүлдегерлерін қабылдады. Шара барысында өңір басшысы спортшыларды жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ақ бидай" ауыл спорты ойындарында Қызылорда облысы 174 ұпаймен 3-орынды иеленді. Қазақ күресі және тоғызқұмалақтан Сыр спортшылары 1-орындарды иеленсе, гір спорты және Президенттік көпсайыста жүлделі орындарға қол жеткізіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты.

Еске салайық, «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары төрт жылда бір рет өткізіледі. Биыл ол Ақтөбе облысында өтті . Додаға еліміздің әр өңірінен 1300 спортшы қатысып, бір апта бойы спорттың 14 түрінен сынға түсті.

Нәтижесінде, жалпы командалық есепте I орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, II орынды Ақтөбе облысы, III орынды Қызылорда облысы жеңіп алды.

«Ақ бидай» республикалық VII ауыл спорты ойындары 2021 жылы Маңғыстау облысында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар