Қызылорда облысында озат еңбеккерлер автокөлікке ие болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қатысуымен Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жыл қорытындысында озат еңбеккерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.

Ақ күріштен тау тұрғызған «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1163 гектар жерге сыр маржанын егіп, әр гектардан 67 центнерден астық жинап, жылды зор табыспен аяқтады. Жер ананың жомарттығының арқасында жаздайғы маңдай тердің берекелі биігіне шыққан «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің озат еңбеккерлерін облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов марапаттап, автокөлік кілтін табыстады.
null

null 

null 

Озат еңбеккерлер қатарында «Таң ЛТД» ЖШС-нің агрономы Е.Ақбергенов, өзіне бекітілген 45 гектар жерден, әр гектардан 80 центнерден өнім алған күрішші Ж.Шондыбаев, өзіне берілген 500 гектар жерден, әр гектардан 70 центнерден өнім алған Мырзабай ахун ауылының тұрғыны, бригадир Е.Базарбаев, үздік шаруашылық механизаторы С.Құлахметов бар.
null 
null 

Астық - Отан байлығы десек, сол байлықты төкпей-шашпай жинап алған дихан қауымы бүгінде зор қуанышқа кенелуде.  
null 

Соңғы жаңалықтар