Қызылорда облысында күн күрт суытып, күшті жел тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.  

Синоптиктердің хабарына қарағанда, 31 наурыз күні Қызылорда облысында жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 30 м/с-тан да асып, шаңды дауылға ұласады.

31 наурыз күні күндіз ауа температурасы күрт төмендеп, 10-15 градус, кей жерлерде тіпті 0-5 градус нөлден жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар