Қызылорда облысында құмды дауыл соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 сәуір күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан және шығыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғып, құмды дауыл тұрады.

Сондай-ақ, бұған дейін Қазақстанның 5 облысында өзен сулары жайылуы мүмкін екендігі туралы ескерту жарияланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар