Қызылорда облысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігі ескертілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 13 қыркүйек күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Осыған байланысты, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар