Қызылорда облысында балалар арасында біржыныстық қатынасты насихаттайтын ВКонтакте желісінің 18 парағы бұғатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балалар арасында біржыныстық қатынасты насихаттайтын ВКонтакте желісінің 18 парағы бұғатталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Дүйсенов мәлім етті.

«Балалар арасындағы біржынысты қарым-қатынасты насихаттау фактілері де тіркелді. Мәселен, ВКонтакте әлеуметтік желісінің балалар арасындағы біржынысты қарым-қатынасты насихаттайтын, сонымен қатар дәстүрлі емес ориентациядағы адамдардың жыныстық қатынасын кеңінен сипаттайтын 18 беті бұғатталды», - деді ол.

Оның айтуынша, ВКонтакте әлеуметтік желісіне жүргізілген кезекті мониторинг облыстың 106 баласының суицидті насихаттайтын топтарға кіргендігін көрсеткен. Мұнан бөлек, Қызылорданың 26 мектебінің оқушылары үнемі кіретін суицидті насихаттауға арналған 13 қауымдастық белгілі болған.

«Youtube желісінде «ит ләззаты» (собачий кайф) деп аталатын көптеген бейнероликтерге кіруге тосқауыл қойылды. Онда балалар механикалық қылқындыру арқылы уақытша естен танады. «Свинка Пэпа», «Пингвины Мадагаскара» мультфильмдері, «Ералаш», «Галилео» бағдарламаларына дыбыстық монтаж жасалып, боқтық сөздер қосылған. Олар түпнұсқа сияқты миллиондаған көрілім жинауда», - деді ол.

Оның айтуынша, сайттарды бұғаттау оң нәтиже берер емес. Өйткені, жаңа қоғамдастық құру және сол арқылы жарнамалау еш қиындық тудырмайды. Сондықтан облыстағы барлық мектептердің оқушылары мен ұстаздарына смартфон пайдалануға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар