Қызылорда облысында «Бағдаржол» бағдарламасы тиімді жұмыс жасауда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Қызылорда облысында 16700 гектар болатын 139 жер учаскесі игерілмеген және заңнама нормалары бұзылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты «Бағдаржол», «Жол картасы» бағдарламасы жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда, мақсатты пайдаланылмай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелері бар. Осындай 83490 гектар жер учаскесіне тексерулер жасалып, нәтижесінде көлемі 17 755 гектар жер учаскесінде 330 заң бұзушылық белгілі болды. Орын алған құқық бұзушылықтардың 156-на 19507,727 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Және 88-не ескерту шарасы қолданылды», - басқарма басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, «Бағдаржол» бағдарламасы бойынша облыста көлемі 19 гектар жер учаскесінде 6 заң бұзушылық дерегі анықталды. Жер учаскелерінде бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінде жерді пайдалануға байланысты нақты ұсыныстарын айтты.  35-қадамда:  Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу мәселесін қойды. Сонымен бірге жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізуді тапсырды.  Мұнан өзге 36-қадамда:  Жер телімдерін мақсатты пайдалану  түрін өзгертуге рұқсат алу рәсімдерін жеңілдеті мәселесін көтерді. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырып, барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта   жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру керектігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар