Қызылорда облысында аурухананың бас дәрігері сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қазалы ауданы аймақтық ауруханасының бас дәрігері 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура басқармасының басшысы Нұрлан Қалиевтың айтуынша, сотталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Ол 500 мың тенге параны көлік жүргізушісінен аудандық емдеу мекемелерінің біріне жұмысқа орналастырып беру үшін алған. 

Қазалы аудандық соты айыпталушының бас бостандығын 5 жылға шектей отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырды, сондай-ақ оның дүние-мүлкі тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өткен жылы Қызылорда облысында пара алу фактісі бойынша 16  лауызым иесі сотты болды. Олардың арасында облыстық ревизиялық комиссияның бас маманы Р. Қуаңбаева 700 мың теңге көлемінде пара алған. Басқалары ер азаматтар. Бүгінгі күні олардың бесеуі түрмеде жазаларын өтеп жатса, қалған оны 81 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеген. Сондай-ақ, біреуінің еркіндігі шектелген.

 

Соңғы жаңалықтар