Қызылорда облысында 9641 құқық бұзушылық анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы көлемінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға байланысты 2017 жылдың 3 айында 9641 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оның 585-і белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін (204-бабымен), 995-і ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (434-бабымен), 483-і түн тыныштығын бұзғаны үшін (437-бабымен), 1891-і қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін (440-бабымен), 769-ы жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін (441-бабымен), 1588-і қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшін (505-бабымен), 707-сі иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау ережелерін бұзғаны үшін (408-бабымен), 24-і кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін (ӘҚБтК 132-бабы) және 1133 азамат жасөспірімдердің түн мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрулеріне жол бергені үшін (ӘҚБтК 442-бабы) әкімшілік  жауапкершілікке тартылды.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша  222 млн 105 мың теңге айыппұл салынып, оның 41,5 пайызы, яғни 92 млн 076 мың теңгесі өндірілді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Облыс орталығында кезең-кезеңімен 272 бейнебақылау камералары орнатылған. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 53 қылмыстың ізі суымай ашылса, 8906 әртүрлі құқық бұзушылықтар анықталып отыр. Оның ішінде 7958-і  жол ережесін бұзу деректері.

Қазіргі таңда, бейнебақылау камералары желісінің кеңеюі тұрғындардың қоғамдық орынды ластамауына септігін тигізуде. Оған дәлел, бейнебақылау камералары орналасқан аумақтарда көше ластау деректері азайды. Азаматтар бейнебақылау камерасының өздерінің артынан бақылап тұрғанын аңғарып, темекі қалдықтары мен қоқыстарын арнайы жәшіктерге тастауға дағдылануда.

Облысымыздағы барлық мектептерде, орта білім беру және жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылып, оқушылар мен студенттерге мүлдем төзбеушілік қағидатының көздейтін мақсаты жан-жақты түсіндіріліп,  қоғамдық орындарда бұзақылықтар мен вандализм көріністеріне жол бермеу бағытында профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.

Құзырлы органдармен бірлесіп жастар мен жасөспірімдерді тазалық сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға, саябақтар мен көшелердегі жарықшамдар мен мүліктерді бүлдірмеуге шақыратын насихат шаралары және осы бағыттарда халық көп шоғырланатын орындарға билбордтар орналастырылып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан профилактикалық бағытта бейнероликтер көрсету шаралары үнемі ұйымдастырылуда. 

Соңғы жаңалықтар