Қызылорда облысында 2500 адамға тұрғын үй салуға жер телімдері беріледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 20 шиелілік тұрғынға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерінің құжаттарын тапсырды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Жаңа «Береке» мөлтек ауданында 300, жалпы аудан бойынша 2500 адам жер телімдерін алады.

null  

Өзінің алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев елді мекендердің  экономикасы мен ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту жергілікті биліктің  алдағы уақытта да  бірінші кезектегі міндеті екенін  атап өтті.

null 

«Бүгінде аймағымызды дамыту бойынша ауқымды  істер атқарылуда. Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында жаңа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Бүгін 300-ге жуық Шиелі тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі. Шиелі ауданында 7 мыңға жуық адам баспана салу үшін жердің кезегінде тұр. Енді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері берілетін болады»,- деді облыс әкімі.

null

Соңғы жаңалықтар