Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы ауысты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің 2015 жылғы 5 ақпандағы өкімімен Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бахытжан Әбдіқалықұлы 1955 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының докторы, академиялық профессор.

Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. 1981-1993 жылдары - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, 1993-2011 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар