Қызылорда облыстық прокуратурасы Ұлт жоспарын қарқынды жүзеге асыруда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Прокуратура Қазақстан халқы үшін» атты өзгерістер бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Қызылорда облыстық прокуратурасымен бірқатар қарқынды жұмыстар жүзеге асыруда, деп мәлімдеді облыс прокуроры Халидулла Дәуешов. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Олардың бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс тұрғындары мен учаскелік полиция инспекторларын жақындастыру мақсатында республикамызда ең алғашқы болып іске қосылған - шыны стационарлық полиция бекеттері. Бұл заманауи бекеттерді қою облыстық прокуратура әзірлеген «Полиция халыққа жақын» жобасының аясында бастау алған болатын.

Азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, оларға ашық, жариялы және жедел түрде құқықтық қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы атқарып жатқан мақсатты жұмыстардың бірі.

Осы орайда, халықпен жұмыс жасаудағы қадамдардың бірі және бірегейі болып табылатын Қызылорда облыстық прокуратурасында «Азаматтарды қабылдау орталығы» бой көтерсе, Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан «Халыққа құқық қорғау қызметтерін көрсету орталығы» ашылған.

Осы және өзге де жұмыстардың жандандырушысы болып табылатын жаңа форматтағы Қызылорда облыстық прокуратурасымен тақырыпты бейнеролик әзірленіп, қарауға ұсынылады.

Облыс прокуроры атап өткендей, Елбасының «Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты еңбегінің 28-29-30 қадамдарында полиция қызметінің алдағы бағыт-бағдары айқын көрсетілген.

«Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту, сондай-ақ кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу мәселесі қойылып отыр. Мұнан өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу мен әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу» ұсынылды.  Тарихи құжатта сонымен қатар «Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру мәселесі айтылды.  Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі», - делінген осы құжатта.

Соңғы жаңалықтар