Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 331.00
EUR 390.32
RUB 5.59
CNY 49.94

Қызылорда облыстық футбол федерациясының басшысы ауысты

 Қызылорда облыстық футбол федерациясының басшысы ауысты
2017 жылғы 8 қараша 05:37 579

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат   - Қызылорда облыстық футбол федерациясына жаңа басшы сайланды. Енді бұл қызметті Қайрат Ерназаров атқарады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Қ.Ерназаров 1965 жылы 15 қаңтарда Қызылорда қаласы дүниеге келген.

Қалалық мәслихат депутаты болып сайланған Қайрат Шаршыбекұлы 2000 жылдан «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры қызметін атқарып келеді.

Бұған дейін облыстық футбол федерациясын басқарған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Садық Мұстафаев басқа қызметке ауысуына байланысты басшылықтан кетті.

Жаңа басшының сайлануына байланысты өткен жиында міндеттер сараланып, алдағы жоспарлар бекітілді.  

 

 

Басты сөздер: Тағайындау, Спорт, Қызылорда облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер