Қызылорда мен Сауд Арабиясы университеттері ынтымақтастықты күшейтпек

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Сауд Арабиясының оқу орны арасында меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ресми делегациясы  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ресми іссапармен келді. Жоғары оқу орындарының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесуге  Сауд Арабиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ректоры Исса Хассан Алансари мен университеттің басқа өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорат мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры - бірінші проректор Абайбек Талғатұлы Жүнісов сөз сөйлеп, универсиеттің ағымдағы жетістіктерін саралады.

«Елбасы өзінің Ұлт жоспары бес  институционалдық реформасын жүзеге  асырудың  100 қадам атты мақаласының 78-қадамында: Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ның академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау туралы нақты айтып өткені белгілі. Биыл облыс орталығындағы ғылым мен білімнің қарашаңырағына 80 жыл толды. Университет ҚР көпсалалы үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде 10-шы орын иеленді», - деді Қызылорда университетінің бірінші проректор Абайбек Жүнісов.

Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания,  Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Египет және Ресейдің ЖОО-мен, білім және мәдени орталықтарымен, жетекші ғылыми орталықтарымен, қорларымен және қоғамдық ұйымдарымен әріптестік қатынастар орнатылды, халықаралық ынтымақтастық саласында 75-тен астам келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды. 

Өз кезегінде сөз алған Сауд Аравиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ректоры,  профессор, доктор Исса Хассан Алансари алдағы уақытта әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға күш салатындығын жеткізіп, университет ұжымының жұмысына табыс тіледі.

Сауд Арабиясының делегациясы университет мұражайы мен бірінші оқу ғимаратындағы араб бөлімінің студенттерімен кездесті.

Айта кетейік, 2013-2014 оқу жылынан бастап университет «Шетел тілі - екі шетел тілі» мамандығының «Ағылшын-Араб», «Ағылшын-Қытай» және «Ағылшын-Корей» тілдері бағыттары бойынша мамандар даярлауды бастады.  Қазіргі кезде ағылшын-араб бөлімшесінде 53 студент білім алады. Оның ішінде биылғы оқу жылында 24 студент оқуға қабылданды. Шетел тілдерін оқытуда Египеттен, Америка Құрама Штаттарынан және Корея Республикасынан шақырылған шетелдік оқытушылар үлкен үлес қосуда. 

Соңғы жаңалықтар