Қызылорда қаласы мен бірқатар аудандарда сабақ болмайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 1-7 сыныптарға сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Облыс бойынша нақты мәліметтерді келтірер болсақ, Қызылорда қаласы мектептерінде 0-4 сынып оқушыларына 24 және 27 қаңтар аралығында, 5-7 сынып оқушыларына 24-25 қаңтар аралығында сабақ тоқтатылды.

Арал  ауданында  24-25 қаңтарда 0-9-сыныптарға сабақ болмайды.

Ал Қазалы ауданы бойынша 25 қаңтарда бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Қармақшы мен Жалағаш аудандарында да  25-26 қаңтар күндері 0-4-сыныптарға сабақ тоқтатылып, жоғары сынып оқушыларының сабақ уақыттары қысқартылған.

Сырдария  ауданы бойынша 24 қаңтар 0-1, 25 қаңтардан бастап 0-7 сыныптар оқымайды.

Шиелі ауданында 24-25 қаңтарда Сұлутөбе мен Тартоғай ауданының шет елді мекендерінде ғана 0-4 сыныптары оқуын тоқтатпақ.

Соңғы жаңалықтар