Қызылорда әуежайында үш қызды заңсыз шетел асырмақ болған күдіктілер ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қызылорда қаласының 3 азаматшасын жезөкшелікпен айналысу үшін Түркия мемлекетіне аттандырмақ болған жерінен 1968 және 1990 жылы туған екі азаматшаны құрықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Алматы және Қызылорда қаласының екі тұрғыны алдын ала сөз байласып, 36, 26 және 22 жастағы азаматшалардың сеніміне кіріп, табысы жақсы жұмысқа орналастыратындықтарын айтқан. Алайда, олардың сенімдерін теріс мақсатта пайдаланып,  Түркия мемлекетіне жезөкшелікпен айналысуға жібермек болған. Полиция қызметкерлері олардың бұл әрекетін әшкерелеп, жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының әуежайынан ұстады.

Қазіргі таңда аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының 128-бабы 3-бөлігімен (Адам саудасы) тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер Қызылорда ҚІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Айта кетейік, 2017 жылғы 25-27 тамыз аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу және олардың жолын кесу, еңбегін қанау мақсатында адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру қылмыстарын анықтауға бағытталған «Stop-трафик» жедел профилактикалық шарасы жүргізілді.

Оның барысында бес қылмыстың беті ашылып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабымен (Қоғамдық орында тиісу) көзделген 31 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар