Қызыл судан зардап шеккен ақмолалықтар үшін есепшот ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде ақшалай қаражат аудару үшін арнайы есепшот ашылды, деп хабарлады өңірдің ішкі саясат басқармасынан.

Ақшаны Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қазақ тілі мен мәдениеті» облыстық қоғамдық бірлестігінің есепшотына жіберуге болады.

Одан бөлек, Көкшетауда мына мекенжайлар бойынша азық-түлік пен өзге де заттарды қабылдау пункттері ашылды: «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Достық үйі, Горький көшесі), тел.72-28-58 (ақшалай қаражат аудару мәселелері бойынша) және 33-54-64 (қабылдау пункті), «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы (Әуелбеков көшесі, 117, 1-қабат, 2-кабинет, тел. 72-23-15).

Реквизиттер:

KZ77998JTB0000364839/ KZT

БСН 110840001138

Банк: «Цеснабанк» АҚ Ақмола филиалы 

Банк реквизиттері: БСК TSESKZKA

Мекенжай: Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 29б, 020000

Банк БСН 050641004464

КБЕ 18

КНП 119

Киім-кешектер мен заттарды, азық-түлік пен қаражат жинау Ақмола облысының барлық аумағында ұйымдастырылды. Мәселен, Есіл ауданының Мәдениет үйінде бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді қабылдау пункті ашылды.

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты су тасқыны жағдайы да күшейіп, Ақмола облысының Атбасар, Сандықтау аудандарында төтенше жағдай орын алды. Табиғи апат көптеген отбасын баспанасыз қалдырды. Халықтың көпшілігі зардап шеккендерге қол ұшын созды.

Атбасар ауданына 520 мың теңгеден астам сомаға қажетті азық-түліктер жіберілді. Азық-түлік пен қажетті бұйымдар қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар