Қызуқанды жігіт әкесінің танысын көлікпен басқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған оқиға Павлодар облысы Железин ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы Железин территориалдық сот орындаушылары бөлімінің көлік жүргізушісі көшемен келе жатқанда әкесін кездестірген. Оның жанында бейтаныс бір ер адам болды. Екеуі де мас күйінде жүрді. Көлік жүргізушісі әкесін үйге қайтарамын деп тұрғанда бейтаныс кісімен ұстасып қалды. Әкесімен арақ ішкені үшін нарызылық білдірді. Содан екеуінің арасында жанжал шыққан. Ашуға мінген жігіт көлігіне отырып, әкесінің танысын басып кетпекші болады. Үлкен кісі соққыдан жалтарып үлгерсе де, көліктің оң жақ бүйіріне соғылып, жолдың жиегіне құлайды. Осы кезде көлік жүргізушісі кері бұрылып, жерде жатқан адамды басып өтеді. Көлігінен шықса, жерде жатқан адамның кеудесі қысылып, демі тарылады. Осы кезде қызуқанды жігіт өз қателігін түсінеді. Іле-шала жедел жәрдемді шақырады.

«Железин аудандық соты шығарған шешімге сәйкес, Б. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-тармағы бойынша адамға ауыр жарақат салғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұдан бөлек, ол жергілікті атқарушы органдардың нұсқауымен жылына 240 сағаттан аспайтын жұмысқа жегілетін болды. Сот үкімі күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар