Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеунік қоғамдық жұмысқа жегілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқан Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манапов қоғамдық жұмысты бастап кетті. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексенова Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null

Еске сала кетсек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің этика бойынша Кеңесінде Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповтың қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны туралы шулы оқиға тараған болатын. Қазан айында, жексенбі күні Расул Манапов демалыс базасына өзінің қызметтік көлігімен барып, демалып жүргені белгілі болған. Қала әкімінің орынбасары өзіне тағылған кінәні толық мойындап, «Өскемен тәртіп» кәсіпорнында 20 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелген еді. 

«Қоғамдық жұмысты қала әкімінің орынбасары мемлекеттік қызмет уақытынан тыс атқаратын болады. Бүгін ол «Өскемен Тәртіп» коммуналдық кәсіпорнының бригада құрамында 4 сағат жұмыс істеді. Расул Манапов Республика даңғылындағы субұрқақты қысқы маусымға әзірлеу жұмысына атсалысты», - дейді Әсем Сексенова Фейсбук парақшасында.

Бригадаға жетекшілік етіп жүрген Мақсат Нұрахметов мемлекеттік қызметкердің қоғамдық жұмысқа араласып жүргенін бірінші рет көргенін айтады. 

«Қала әкімінің орынбасары бар күшін, ынта-жігерін салып жұмыс атқарды. Жарады!» - дейді МақсатНұрахметов.

Айта кетерлігі, бұған қоса Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны үшін Расул Манаповқа екі ай бойы қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салған болатын. Орынбасар қаңтар айының біріне дейін олжұмысқа қоғамдық көлікпен келетін болады.

null 

Соңғы жаңалықтар