Қызметтік көлігін жеке шаруасына пайдаланған жамбылдықтар жауапқа тартылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат- Таразда мемлекеттік қызметшілер қызметтік  көліктерін қандай мақсатқа пайдаланатынын тексеру бойынша акция өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлағандай, «Қызметтік көлік - қызметтік мақсатта» атты акция қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға бағытталған.

«Заң бойынша қызметтік көлік тек жұмыс уақытында ғана пайдаланылуы керек. Немесе қызметтік іссапарға шығу қарастырылғанда, оның өзінде қажетті құжаттармен расталған кезде ғана. Егер қызметтік көлік жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатқа пайдаланылса, бұл істі тәртіптік комиссия қарап, заң бұзушыға айыппұл салынады», - деді департамент басшысының орынбасары Дәурен Қаипов.

Ведомство өкілдері аймақ тұрғындарынан, қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланып жүрген адамдарды көрген жағдайда, көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалуды сұрады.

Жамбыл облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Қызметтік көлік - қызметтік мақсатта» акциясы өңірдің барлық аудандарында жалғасатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар