Қызметтесін ұрған әскери қызметші 4 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау гарнизонының әскери соты қызметтесін орындықпен ұрған әскери қызметшіге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотталушы ҚР ҚК 440-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен айыпты деп танылды. Баптың ережелеріне сәйкес, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, жаза оған шартты түрде берілді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот материалдарына қарағанда, төбелеске бұрын болған дау себеп болған. Сотталушы зардап шегушінің сыртынан өтіп бара жатқанда басына ағаштан жасалған орындықпен ұрған, содан кейін жұдырықпен ұра бастаған. Соққының бәрі жәбірленушінің басына тиген. Соның салдарынан ол Маңғыстау облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар