Қызметтесін пышақтап, қашып кеткен жамбылдық полицей ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызметтесіне пышақ жұмсаған Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы басқарма бастығы М.Үмбетәлиев ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті жедел қызметкерлерінің күшімен облыстық ІІД басқармасының бұрынғы бастығы М.Үмбетәлиев ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіні тұтқынға алу шараларын қолдану мәселесі шешілуде», - деді Алмас Садубаев.

Бұған дейін Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басқарма басшылары төбелесіп, бір-бірін пышақтағанын хабарлаған болатынбыз .  Осы оқиғадан кейін Үмбетәлиев қашық кеткен еді .

11 тамызда Жамбыл өңіріне арнайы барған ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов басшылық жасаған тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық ІІД-нің басқарма басшылары Үмбетәлиев пен Бектұрғанов теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылған болатын . 

Соңғы жаңалықтар