Қызметшілеріне бейәдеп сөйлеген Ұйғыр ауданының әкімі жұмыстан кеткелі жатыр - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қазір Әлімжан Тохтасуновтың арызы Президент әкімшілігінің қарауында жатыр. Бұл жөнінде  Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл департаментінің өкілдері мәлім етті. Сондай-ақ департаменттегілер бейәдеп сөзге толы аудиожазбадағы дауыс Ұйғыр ауданының әкімінікі екенін растады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында «Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тохтасуновтың былапыт  сөзге толы аудиожазбасы» делінген ақпараттар тараған болатын. Ол жерде шенеуніктің жұмыс барысында қарамағындағыларды балағаттап жатқаны анық естіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қызылағаш ауылының әкімі Сәуле Амитованың басы дауға қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әкімнің үстінен А.А. есімді азаматша Әдеп жөніндегі кеңеске арызданған. Шағымданушы ауыл әкімінің дөрекілігін дәлелдейтін аудиожазбаны да ұсынған. Аудио жазбаны тексеру барысында Ақсу ауданы Қызылағаш ауылдық округінің әкімі С.Амитованың шаруа қожалығы басшысымен дауласқандығы анықталды.  

Соңғы жаңалықтар