Қызмет көлігін жеке мақсатқа пайдаланған әкім жазаланды - Ақтөбе облысы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазрет ауылдық округінің әкімі Мейірхан Дүйсенов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланып, облыс орталығына барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-имыл агенттігінің облыстық департаменті, Әдеп кеңесі бүгін Хазрет ауылының әкімі Мейірхан Дүйсеновке қатысты тәртіптік істі қарады. Департаменттегі басқарманың бас маманы Сәнім Қуантаеваның айтуынша, ауыл тұрғыны әкімінің үстінен арыз түсірген.

«Мәртөк ауданының тұрғыны Қонысбай Әділов арыз жазып, тексеру жоспардан тыс жүргізілді. Арызда Хазрет ауылдық округінің әкімі Мейірхан Дүйсеновтің қызметтік көлікті өз қажеттілігіне пайдаланып, бюджеттік мекемеге тиесілі көмірді иемденгенін жазған. Тексеру кезінде әкімнен, арызданушыдан жазбаша түсініктеме алынды. Ауыл әкімі өз түсініктемесінде жеке көлігі бұзылған кезде қызметтік көлігімен облыс орталығына барғанын жасылмады. Ол отбасымен қалаға барған. Бұл ісі әлеуметтік желіге жарияланып, қоғам тарапынан сынға ілікті. Әрі әкімдікте 11 жылдан бері күзетші болып жұмыс істейтін Давлетова өз түсініктемесінде әкімнің қызметтік көлікті тұрақты жеке мақсатқа пайдаланып, ауласындағы қоқыстарды шығаратынын жазды»,- деді департаменттегі басқарманың бас маманы Сәнім Қуантаев.

Әдеп кеңесіне келген Хазрет ауылының әкімі Мейірхан Дүйсенов жеке көлігі бұзылған кезде қызметтік көлікті пайдаланғанын жасырмады. Әрі бұл ісінің қайталанбайтынын жеткізді.

«Қоқыс тасыды деген сөзге келіспеймін. Сенбілік кезінде көлікке тіркеме тіркеп, қоқыс шығарамыз. Ол жеке емес, ауылдың қоқысы. Бірақ көлігім бұзылған кезде қызметтік машинаны пайдаланғаным рас»,- деді ауыл әкімі.

Әдеп кеңесі сөгіс беруді ұсынды. Кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. 

Соңғы жаңалықтар