Қыздардан құралған «Мәншүк маршы» Қызылорда көшелерімен жүріп өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Қызылордада «Жастық жалыным - Мәңгілік еліме!» атты митингісі мен «Мәншүк маршы» өтті.  Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.



Іс-шара өмірі - өнеге, ерлігі - дастан Мәншүк Мәметованың туылғанына - 95 жыл және Қызылордадағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің құрылғанына 85 жыл толуына арналған.

Митинг «Мәншүк маршына» қатысушылардың, Ауған соғысының және колледж ардагерлерінің, ұстаздар мен студенттердің колледж ауласында салтанатты сап түзеуімен басталды. Марш командирі, майор Нейла Искакова сап дайындығы жөнінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовке рапорт берді. Кейін ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Гимн орындалды. Шараға қатысушылар Мәншүк рухын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл тізбелері қойылды. 



 Осыдан кейін тек қана қыздардан құралған «Мәншүк маршы» М.Мәметова ескерткішінен старт алып, белгіленген бағыт бойынша «Катюша», «Атамекен», «Сарбаздарым» әндерін шырқай отырып, "Тағзым" алаңына дейін жүріп өтті.  

Мәңгілік алауға Қызылорда облысы әкімдігі, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі және Мәншүк маршына қатысушылар атынан тағзым гүлдері қойылды. ҚР Ұлттық Ұланы Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының №55-47 әскери бөлімі,шекара қызметі № 20-19 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің № 66-597 әскери бөлімі, Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың  әскери қыздар қызметшілері шеруді әскери маршпен бастады. Шеру соңында Ауған соғысының ардагері Хайриддин Баймаханов облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев бірге маршқа қатысушыларды марапаттады. 

Колледж жастары флешмоб өткізіп, сап түзеу арқылы «Мәншүк 95» жазуын құрады. 





Соңғы жаңалықтар