Қытаймен шекарада тонналаған иесіз төсек-орын тыстары мен балалар киімдері табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар «Алтынкөл» ШБ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» өткізу бекетінде иесіз жүктерді тапқан, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

«Шекара жасағы Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының өткізу бекеті аумағын тексеру барысында көпірдің астынан салмағы 2 тоннадан асатын иесіз жүкті - төсек-орын тыстары мен балалар киімдерін тапқан», - делінген хабарламада.

Өзара әрекеттесу органдарының өкілдеріне ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар