Қытайлықтардың басым бөлігі бір ғана баласы болғанын қалайды- зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңдіктердің басым бөлігі отбасында бір бала болғанын жөн көреді, деп жазады Синьхуа. 

Жақында ғана жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, Қытайдың жаңа саясатына қарамастан бейжіңдіктердің басым бөлігі отбасында бір бала болғанын дұрыс көреді.

Бейжіңнің әлеуметтік және психология жұмыстар жөніндегі комитеті 2001 жылы екі бала саясатын қолдайтындар үлесі 70,4 процент болса, бұл көрсеткіш  58,6 процентке түсіп кеткенін хабарлады.

Аталған сауалнамаға 2430 адам қатысқан.

Айта кетейік, Қытай билігі халықтың қартаю көрсеткішінің жоғарлауына байланысты 2016 жылы «екі бала» саясатын енгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар