Қытайлықтар Димаштың сөзін түсіну үшін қазақ тілі курстарына жазылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Массагет сайтының мәліметі бойынша, 2 миллиард халқы бар Қытайдың Hunan TV арнасына шығып, қытайлық кәсіби әншілермен сайысқа түсіп жатқан Димаш Құдайбергенов ұйымдастырушылар тарапы ұсынған «SOS d'un terrien en détresse» француз әнін шырқады.

Сайыс ережесі бойынша бірінші күні 8 әншінің біреуі кетіп, 7-еуі қалады. Бір әнші жеңіс кубогын жеңіп алады. Жеңіс кубогына жеті әншіні артта қалдырып, Димаш Құдайбергенов лайық деп танылды.

Димаш Құдайбергеновтың досы Алпамыс Шәрімовтың мәлімдеуінше, бүгіннен бастап бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін қазақ тілі курсына жазылған. 

 

Соңғы жаңалықтар