Қытайлық «желаяқ» әскери жойғыш ұшақпен жарысты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытай Орталық телевизиясының «Алға болашақ (Cheers Science)» атты бағдарламасында адам мен әскери жойғыш ұшақ 100 метрге жүгіруден бәсекеге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Chinadaily-дың хабарлауынша, қытайлық 100 метрге жүгіруден кәсіби спортшы, бірнеше мәрте Қытай және Азия чемпионы Чжан Пэймэн қытайдың FTC-2000 Mountain Eagle оқу-жаттығу ұшағы және J-10A әскери жойғыш ұшағымен 50 метр және 100 метр қашықтықта жүгіріп жарысып көрді.
null

Нәтижесінде, Чжан Пэймэн FTC-2000 ұшағын 50 метрде қапы қалдырса, J-10A ұшағымен болған бәсекеде жеңіс жолын жалғастыра алмады.

Cheers Science - Қытай Орталық телевизиясының Ғылыми тәжірибелер бағдарламасы. Бағдарлама Қытайдағы танымал тұлғалар мен ғалымдарды қонақ ретінде шақырып, әртүрлі тәжірибелер жасайды. Бағдарламаға арнайы қатысқан мектеп оқушылары оларға талдау жасайды.

Соңғы жаңалықтар