Қытайлық теннисші отандасымызды жарыс жолынан шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен Венгрия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың 1/8 финалында отандасымыз үш дүркін әлем чемпионы, Әлемдік тур аясында Астанада өткен Гранд-финалдың жеңімпазы - қытайлық Фан Жендонгадан жеңіліп қалды. Бірінші сет қытайлықтың пайдасына аяқталса (12:10), екіншісінде Кирилл жеңіске жетті (11:9). Алайда шешуші - үшінші сетте Фан Жендонг өз мықтылығын дәлелдеді, есеп: - 4:1.

Осылайша, Герасименко Будапешт қаласындағы турнирдің жарыс жолынан шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Герасименко іріктеу раундында екі рет жеңіске жеткен болатын. Онда қазақстандық спортшы алдымен 4:3 есебімен қытайлық Ю Цзыянды жеңсе, артынан 4:2 есебімен испаниялық Карлос Мачадодан басым түскен еді. Өкінішке қарай үшінші ойында тағы бір қытайлық теннисшіден ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар