Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -5 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Қытайлық студенттер қазақ тілінен диктант жазып, мәнерлеп оқудан жарысты

2017 жылғы 8 желтоқсан 10:56 909
Поделиться:
Қытайлық студенттер қазақ тілінен диктант жазып, мәнерлеп оқудан жарысты

БЕЙЖІҢ-СИАНЬ. ҚазАқпарат - Қытайдың Сиань шет тілдері университетінде (СШТУ) қазақ тілін насихаттауға бағытталған «Жеті жұрттың тілін біл» атты байқау өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Байқау ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай СШТУ жанындағы «Қазақстан орталығында» ұйымдастырылды. Қатысушыларға - 1-інші курс студенттеріне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір және еңбек жолын баяндайтын «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» фильмі көрсетілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тармақтары  талқыланды.

Диктант жазу, мәтінді мәнерлеп оқу және өлеңді жатқа оқу сынды үш кезеңнен тұрған байқау қорытындысы бойынша, 1-орынды Ан Кайсин, 2-орынды - Чжан Вэньлин мен Юэ Бэйлэй, 3-орынды - Чжан Сяо Шуэн мен Ли Цюно иеленді.

«Бұл конкурс студенттердің қазақ тілінен алған біліміне баға беріп қана қоймай, оқу процесіне деген қызығушылықты арттырды», - деді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі, бүгінде СШТУ-дың қазақ  тілі кафедрасында жұмыс істейтін Гүлиям Оспанқұлова.

Еске салайық, Сиань шет тілдері университетінде «Қазақстан орталығы» мен қазақ тілі кафедрасы 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен ашылған болатын.

Қазіргі таңда 21 қытайлық студент қазақ тілін үйреніп жатыр. 

 

 


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат