Қытайлық көрермен «Астана Операның» биін тамашалады

None
None
БЕЙЖІҢ-ҮРІМШІ. ҚазАқпарат - Шыңжаң өнер театрының сахнасында «Астана Опера» балет труппасының екікүндік гастролі өтіп жатыр.

Іс-шара Халықаралық Шыңжаң би фестивалі аясында өтуде.

Әртістермен бірге Үрімшіге барлық команда келді - олар костюмерлер, гримерлар, жарық бойынша суретшілер, дыбыс және видеооператорлар. Көрермендер алдында А.Заклинская, Ж.Ахмедиев, А.Төлепова, С.Тоносаки, М.Шәкімова, М.Китамура, Г. Жантемір, Э.Сәрсембаев, А.Оразов, Н.Аймұхаметова және тағы басқа да жас әртістермен қатар, Г.Усина, М.Басбаева, А.Бекетаева, Р.Сейітбеков, Б.Адамжан, С.Нақыспеков сынды танымал қазақстандық бишілер өнер көрсетті.

«Астана Операның» аға солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбековтың айтуынша, қытайлық көрерменге классикалық және заманауи балет ұсынылды.

Еске салайық, Қытайдың би өнері шеберлері 2014 жылы «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар