Қытайлық қазақ WBO тұжырымы бойынша Азияның үздік боксшысы дәрежесін қорғап қалды

None
None
БЕЙЖІҢ-КУНЬМИН. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні кешке ҚХР Юньнань провинциясы Куньмин қаласында кәсіби бокстан жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) Қытай чемпионы 23 жастағы Елшат Нығматоллаұлы WBO тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуін қорғап қалды, деп хабарлады осы елдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Боксшы 37 жастағы филиппиндық Джаяр Эстреместі 6 раундта жинаған ұпай санымен ұтты. Бұл оның кәсіби рингтегі 10-шы жекпе-жегі. Ол барлығында жеңіске жетсе, оның екеуін нокаутпен аяқтады.

 

«Бұл айқаста мен чемпиондық белдігімді қорғап қалдым. Енді осы жылы сәуірдің соңында Аомэнге, сосын АҚШ-қа баруды жоспарлаудамын», - деді  ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

 

Еске салсақ, Қытайда кәсіби ринг чемпиондарының көпшілігінің отаны ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Алтай округінің Каба қаласы болып табылады.  Ол жерде боксшыларды Мұрат Бошайұлы жаттықтырады. Ол Елшат Нығматоллаұлы, Бейсен Насиоллаұлының ғана емес, сонымен бірге Қанат Исламның да жолын ашқан.

Соңғы жаңалықтар