Қытайлық қазақ боксшы IBF турнирінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда туып өскен 19 жастағы кәсіпқой боксшысы Бекзат Социалханұлы (1-1-2, 1КО) Халықаралық бокс федерациясы өңіраралық ұйымының (IBF B&R) Жібек жолы чемпионат туры (IBF Silk Road Championship Tournament) Қытайдағы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай халық газеті» ақпараттық сайтының хабарлауынша, айтулы доданың Қытайдағы кезеңі Сюйчжоу қаласында өтті. Орта салмақта жұдырықтасатын Бекзат жеңіліп көрмеген тайландтық Чайват Муэнфунмен (4-0-0 ,2КО) кездесті.

Қорытындысында жекпе-жек 10 раундқа созылып, қандасымыз төрешілер шешімімен (96:93, 97:92, 96:92) жеңіске жетті. Осылайша, Бекзат ақпан айының соңында Макаода өтетін IBF Жібек жолы чемпионат туры ақтық бәсекесіне жолдама алды. Қандасымыз чемпионаттың ақтық белдесуінде IBF B&R титулы үшін айқасады.

Айта кетейік, Бекзат Социалханұлы Шыңжанның Тарбағатай аймағында туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайдағы IBF турында бастап, жалпы  саны 4 кездесу өткізді.

null null 

Соңғы жаңалықтар