Қытайлық Ханчжоуда Наурыз мейрамы атап өтілді

None
None
БЕЙЖІҢ-ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы (KSAC) ханчжоулық бөлімшесінің белсенділері Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

null
Шара Чжэцзян қаржы және экономика университетінің жанында демалыс күндері өтті. Оған студенттер ғана емес, Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығы, ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері, шетелдік қонақтар мен Ханчжоу қаласындағы университеттердің ректорлары қатысты.

Студенттерді мерекемен Шанхай қаласындағы ҚР Бас Консулы Жошыхан Қыраубаев құттықтады.
null 

Мерекелік шаралар ұлттық бимен ашылды, шашу шашылды. Әділхан Қарабалин, Арман Жұмаш, Айзада Орманбекова, Илшат Ерболұлы секілді қазақ жастары қара домбырамен «Балбырауын», «Келіншек», «Адай» және «Әлқисса» күйлерін орындады.

«Гүлдер» студенттік би ансамблі «Қара жорға», «Наурыз би», «Адай» билерін биледі, студенттер Қазақстанның заманауи эастрадалық әндерін шырқады.
null 

Қонақтар «Қазақша күрес», арқан тарту, асық ату жарыстарын тамашалады. «Наурыз аруы» байқауында мерекелік дастархан жайылып, бауырсақ, палау, құрт, наурыз көже және т.б. тағамдар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар