Қытайлық әйелдің ішінде саңырауқұлақтар өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Чжэцзян провинциясындағы Иу қаласының тұрғынына ота жасап,  ішінен өсіп кеткен саңырауқұлақты алып тастады.

 Бұл туралы 24 наурызда Daily Mirror басылымы жазды.

50 жастағы қытайлық әйел ішінің қатты ауыратындығына шағымданып келген. Дәрігерлер эндоскоптың көмегімен оның ас қорыту жүйесін қараған кезде іште өскен саңырауқұлақтарды көреді.Олардың ең ірісінің ұзындығы 7 сантиметрге жеткен. Әйелге шұғыл ота жасалды.

Қытайлық БАҚ бұлай болуын, әйелдің кептірілген саңырауқұлақтарды  жегендігін, ал оны дайындар алдында жібітпегендігімен түсіндіреді.

Соңғы жаңалықтар