Қытайлық әйел нәрестені балалар үйіне пошта арқылы жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Фучжоу тұрғыны жаңа туған қызын балалар үйіне курьер почтасымен жіберген. Бұл туралы 11 тамызда жұма South China Morning Post-қа сілтеме жасап Страна хабарлады.

Тасымалдаушы (курьер) өзіне берілген пакет қозғалып, артынша баланың дауысын естігеннен кейін бір-ақ полицияға хабарласқан.

Цзинань аудандық ауруханасының қызметкері сәрсенбіде курьерден баланы алғандарын растады.

Бірнеше күн бұрын дүниеге келген бала сап-сау болып шықты.

Жергілікті полиция 24 жастағы анасын өз баласынан бас тартты деп айыптады. Ол бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Еске салсақ, шілде соңында Запорожьеде ата-аналары балаларын бес мың долларға сатпақшы болды. Жаз басында Польшамен шекарада чемоданмен баланы алып өтпекші болған Украина азаматшасы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар