Қытайлар найзағай соққысының температурасын өлшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ғалымдары найзағай соққан кезде болатын температураны алғаш рет өлшеп көрді.

Олар жұмыс нәтижелерін Scientific Reports басылымында жариялады.

Ғалымдар найзағайдың соққысын жасанды түрде болдыру үшін 10 мың амперге дейін жететін тогы бар соққы беретін генераторды пайдаланды. Олар сол сәтте пайда болған плазманың температурасын өлшеп алды.

Сөйтсе, найзағай соққысының температурасы Цельсий бағаны бойынша 6-10 мың градусқа дейін жетеді екен.

Дереккөз: «Хабар24» арнасы.  

Соңғы жаңалықтар