Қытайлар қазақша той жасауды сәнге айналдырды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өңірінде қазақтар шоғырланған жерлердегі қытайлар қазақша той жасауды сәнге айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тянь-Шань ақпараттық порталының хабарлауынша, Іле қазақ автономиялық облысының Алтай аймағы Шіңгіл ауданындағы мемлекеттік қызметкер Дуң Шиние 15 тамыз күні қазақы үлгіде той жасады.
null 

Хэйлунцзян провинциясынан келген қалыңдықтың айтуынша, күйеу жігіттің жұмысының қауырттығына байланысты тойды Шіңгілде өткізуді ұйғарған. Әріптестері арасында қазақтар көп болғандықтан жас жұп тойларында қазақтың ұлттық киімін киіп шыққан екен.
null 

Бұл күнде қазақтар мекендеген өңірлерде туып өскен қытай ұлтының азаматтары қыздарын қазақша ұзатып, келіндерін қазақ салты бойынша түсіруді сәнге айналдырған. Той салтанатында қытайлар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, атқа мініп той серуенін жасаумен қатар, беташар, шашу шашу, той дастарқанына ет тарту және үйге жаңа түскен келінге отқа май құю сияқты дәстүрлерді де орындап жатыр.
null 
null 
null 

Соңғы жаңалықтар