Қытайлар Ақтөбеде полиэтилен зауытын салады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың Tianjin Bohua Petrochemical корпорациясы Ақтөбе облысында табиғи газдан полиэтилен және полипропилен өндіру жобасына 4 млрд доллар инвестиция құятын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың Бейжің қаласына жасаған жұмыс сапары аясында аталған жоба бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

null 

Аталған зауыттың құрылуы 3 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігін береді. Өнім Қазақстан мен Қытай нарығына, сондай-ақ көрші елдерге шығарылады.

null 

Б. Сапарбаев пен Tianjin Bohua Petrochemical (Tianjin Bohai Chemical Industry Group-тың еншілес компаниясы) президенті Чжоу Кай (Zhou Kai) жобаны жүзеге асыру аясында ҚР экологиялық заңнамасын сақтау, қазақстандық кадрларды дайындау, жаңа технологияларды қолдану сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

null null 

Тараптар осы жобаның жүзеге асырылуы Ақтөбе облысының экономикасына қарқын беретінін тілге тиек етті.

Қытай кәсіпкері ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында жоғарыда аталған жобаны дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін 2-3 жыл ішінде жүзеге асырылып отырғандығын айтып берді.

null 

Соңғы жаңалықтар