Қытайдың Шаньси провинциясынан Павлодарға алғашқы жүк пойызы келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қытайдың Шаньси провинциясынан Павлодарға алғашқы жүк пойызы келді. Темір жол керуені Тайюань қаласынан тиелген жүкті жеті күнде жеткізген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодар облыстық инвестицияларды тарту агенттігінің басшысы Әнуар Мүкішев  пойыздың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының аясында келгенін айтты. «Қытай Қазақстан және Ресей арқылы Еуропаға темір жол арқылы тура жүк тасымалдауды жоспарлап отыр, көліктің басқа түрлеріне қарағанда бұл арзандау түсетіні белгілі. Бұдан тыс Қытайдан Роттердамға дейін жүк 40 күн жүреді, ал темір жол оны айтарлықтай қысқартады», - дейді басшы.

Сондықтан Қытай бұл маршруттарды сынақтан өткізіп жатыр. Алғашқы пойыз коммерциялық жүк алып келді, Ә. Мүкішевтің пікірінше, бұл сауда байланыстарын жандандыруға септігін тигізеді.

Қытай көп күш салып отырған «Бір белдеу, бір жол» жобасы бойынша 40 ел келісімдерге қол қойған, Қытайдан Нидерландыға, Ұлыбританияға, Беларуське, Иранға темір жол бағыттарын ашылды. Тағы бір пойыз 29 қыркүйек күні Үрімжіден Роттердамға қарай бет түзеген.

Соңғы жаңалықтар