Қытайдың ірі ақпарат құралдары бірікті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай ірі ұлттық хабар тарату корпорацияларын Орталық телерадиокорпорацияға біріктірмек. Корпорация шетелдерде «Қытай дауысы» деген атаумен хабар тарататын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

21 наурыз күні жарияланған «Партиялық және мемлекеттік құрылымдардың реформаларын тереңдету жоспары» бойынша Қытайдың орталық телвизиясы (CCTV), Орталық халық радиосы (CNR), Қытайдың халықаралық радиосы (CRI) таратылады. Ал олардың базасында Орталық телерадиохабар тарату корпорациясы құрылады.

Хабар тарату барысында ішкі аудиторияға бұрынғы атаулары, ал сыртқысына «Қытай дауысы» атауы пайдаланылады.

Жаңа БАҚ ҚХР-дың Мемлекеттік Кеңесіне және Қытай коммунистік партиясының Орталық комитетінің Насихат бөліміне бағынатын болады. Жаңа медиахолдингтің басты міндеттері Қытай коммунистік партиясы мен оның идеологиясын насихаттау, ақпараттық қолдау жұмыстарын үйлестіру, радио және телеөнімдерді өндіру, қоғамдық пікір қалыптастыру, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру болады.

Соңғы жаңалықтар