Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -11 °С
Алматы: 8 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

Қытайдың басты жаңалықтар арнасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын көрсетті

2018 жылғы 15 ақпан 11:28 710
Бөлісіңіз:
Қытайдың басты жаңалықтар арнасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «CCTV-13» басты жаңалықтар арнасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай халқын келе жатқан Көктем мерекесі - Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жылмен құттықтауын көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Қайрат Әбдірахмановты қабылдады Назарбаев аграрлық ЖОО-да оқитын қыздар туралы: Олар ауылға бара ма

«Қытайдың тату көршісі ретінде Қазақстан халқы қытайлықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды. Мен барша Қытай халқына зор денсаулық пен бақыт тілеймін. 19- съезде қойылған мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізуді тілейміз», - делінген Елбасы құттықтауында.

Қазақстан Президенті ТВ арқылы Қытай халқын алдағы мерекемен құттықтаған шетелдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болды. Сондай-ақ, құттықтауды Қытайдың басты телеарналарының бірі - CCTV-1 арнасында таратты.

Айта кетерлігі, ертең, жұма күні кешкісін қытайлық Жаңа жылдың бірінші күнінде CCTV және CGTN арналары Қазақстан Президентінің толық сұхбатын көрсетеді.

Бұл оқиға Қытайдың ақпараттық кеңістігіне еліміздің ауқымды медиа шығуларының бірі болып отыр.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат