Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Қытайдан Еуропаға бағытталған пойыздардың 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

2017 жылғы 1 маусым 14:19 1812
Поделиться:
 Қытайдан Еуропаға бағытталған пойыздардың 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2016 жылы «Алашанькоу-Достық» бақылау-өткізу бекеті арқылы ҚХР-дан Ортылық Азия мен Еуропаға бағытталған темір жол құрамдары рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қытайлық Алашанькоу бекеті әкімшілігінің мәліметінше, 2016 жылы аталған өткелден Орталық Азия мен Еуропаға бағыт алған 1 200-ден астам жүк құрамдары жүрді. Осы арқылы 2011 жылдан бастап биылдың мамыр айының соңына дейін бекет арқылы өткен тауарлық құрамдардың саны 3 000 асты.

2017 жылдың төрт айында кері бағытта, яғни Қытайға 162 темір жол жүк құрамы жетіп, 3 млрд юань (440 млн доллар) сомасында 43 мың тонна жүк тасымалданды.

Тауарлық құрамдар Қытайға құрғақ сүт, балалар тағамы, ІТ-технология, көлік бөлшектері, сондай-ақ инженерлік және медициналық жабдықтарды жеткізді.

Белгілі болғандай, ҚХР тарапы «Қытай-Еуропа» темір жол жүк тасымалының 51 бағдарын іске қосты, олар ҚХР-дың 28 қаласын еуропалық 11 елдің 29 шаһарымен байланыстырады. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі бөлігі ретінде тікелей туарлық құрамдар Қытай мен Еуропа арасындағы сауда байланыстарын айтарлықтай нығайтты.

Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісіне берген сұхбатында «Чэнду» құрғақ портының басшысы Чэнь Чжэнвэй Қытайдан Еуропаға бағыт алған пойыздардың 80 пайызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі мен Қазақстан арқылы жүретіндігін атап айтты.

Бұдан бұрын 2017 жылдың шілдесіне дейін Сычуань оңтүстік-батыс  провинциясының Чэнду қаласындағы «Цинбайцзян» темір жол портынан «Қытай-Қазақстан-Ресей» және «Қытай-Қазақстан-Өзбекстан-Түркменстан-Иран-Түркия»  бағыттарында алғашқы жүк құрамдары жөнелтілетіні айтылған еді.

 

 


Басты сөздер: Қытай, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат