Қытайдағы көшкіннен 100-ден аса адам із-түзсіз жоғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясы Маосянь уездінде көшкіннің салдарынан жүздеген адам үйінділер мен батпақтың астында қалды, деп хабарлайды bbc.com сайты.

Уездегі ауылдардың бірінде 40-қа жуық үйдің табиғи апаттың салдарынан қирағандығы мәлім болып отыр.

Қазір зардап шеккен аймақта іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп, апаттан тірі қалғандарды іздестіруде.

Көшкін тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейін тау жыныстарының құлауы салдарынан болған. Құлаған тау жыныстары 2 шақырым учаскедегі өзен арнасын бітеп тастаған. 

Фото: China Daily via REUTERS

Соңғы жаңалықтар