Қытайдағы «Қазақ жауынгері» WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 жастағы қытайдағы қазақ боксшысы Елшат Нығматоллаұлы (14-0-1, 5КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ жауынгері» лақап атымен шаршы алаңға көтеріліп жүрген қандасымыз, 14 жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген филиппиндік боксшы Конрадо Танамормен (10-0-0, 4КО) WBC ABCO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) Азия чемпионы титулына таласты.

10 раундтқа жоспарланған жекпе-жек 3 раундтың ортасында аяқталды. Елшат қарсыласын 3 рет нокдаунға түсіріп, төреші айқасты тоқтатты.
null

null


null  
null 

«Жалпы филиппиндік боксшылар төзімді келеді. Қарсыласым бұған дейінгілердің ішіндегі ең мықтысы болды десем болады. Ол әлемге танымал Мэнни Пакьяоның базасында жаттығады және ешқашан жеңіліп көрмеген. Тура бағытталған бір ауыр соққым жеңіске жетуіме көмегін тигізді» ,- дейді Елшат ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Елшат Нығматоллаұлы бұған дейін WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы белдігін жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар