Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 325.20 EUR 397.13
RUB 5.74 CNY 50.65
Жаңалықтар

Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2018 жылғы 13 қаңтар 09:44 1071
Поделиться:
Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шет елдердегі қазақ тілінде тарайтын бұқаралық ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Моңғолиялық қазақ стринг артпен ел президентінің суретін салып таңғалдырды - kaznews.mn


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Қайрат Аятұлының сызған Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың суреті Жаңа жыл қарсаңындағы бәссаудада 5,0 млн төгрөгке (шамамен 700 мың теңге) сатылды. Бұл туралы осы аптада моңғолиялық ақпараттық портал kaznews.mn хабарлаған болатын. «Стринг арт» деп аталатын бұл өнер шеге және тігін жібі арқылы сызылатыны белгілі.

Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Қайрат Аятұлының бұл өнерге қызығушылығының артуына қырғыз елінің суретшісі Азамат Жаналиев себепкер болған екен. Суретші Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың осы суретін небәрі 10 күнде жасап шыққанын айтады. «Сонымен қатар, суретшінің «Абай», «Қазақ батыры», «Тұлпар» секілді стринг арт жанрымен салған суреттері бар» деп жазады kaznews.mn.

Қазақстан Президенті Қытаймен болған қарым-қатынасына аса мән беретінін білдірді - «Халық газеті»


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Дәл осындай тақырыптағы жаңалық қытайлық танымал ақпараттық портал «Халық газетінде» жарық көрді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электрондық нұсқасы akorda.kz сайтындағы Мемлекет басшысының дербес парақшасына жарияланды делінген қытайлық басылымда.

Бұл хабарда кітаптың Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық қарым-қатынастары туралы бөліміне айырықша тоқталады. «Атап айтар болсақ, «Тәуелсіздік дәуірінде» Қазақстан Қытаймен болған жан-жақты стратегиялық, серіктестік қатынасының дамуына аса мән беретінін, Қазақстан мен Қытай экономика және саяси жақта тату көрші, сенімді дос және серіктес ел екенін айтады», делінген ақпаратта.

Н. Назарбаевтың кітабында екі елге ортақ «Жібек жолы» экономикалық белдеуі аясында «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Қазақстан өз елінің ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттауда. Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында жазылған «Қытайдан шығып Қазақстан арқылы Ресей, Еуропа, Орталық Азия және Каспий теңізі жағалауындағы елдеріне қатынайтын жүк пойызы тасымал мөлшерінің жыл сайын артып бара жатқанына да тоқталады». Сондай-ақ, Қытай мен Еуропа елдері ортасындағы жүк тасымалына қолайлы болу үшін, Қазақстанның Каспий теңізі жағалауынан арнайы порт салғанын, Қазақстан мен Қытай шекарасына орналасқан «Қорғас» өткелінің Қытай мен Орталық Азиядағы барлық елдерді өзара тұтастырғаны жазылғанын, сөз етеді аталған ақпараттық портал.

Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды - «Жэньминь жибао» (People Daily)


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Жыл сайынғы Қытайдың «Бокс королі» чемпионатының 2017 жылғы додасы қорытындыланды. Бұл туралы осы аптада People Daily сайты хабарлады.

6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ бокс шебері Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін жеңіп алды.


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

People Daily порталының хабарлауынша, оның бұл жолғы қарсыласы Уын Инхаң бұдан бұрын Тянжинде өткен бокстан ел біріншілігінде 75 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша алтын медаль иегері, сонымен қатар осы турнирдің екі мәрте «Қытайдың бокс королі» атанған. Ал Тоқтарбек Таңатқан кейін шыққан боксшы. Ол бұған дейін осы аталған жарысқа қатысып, күміс медаль еншілеген. Оның сол кездегі қарсыласы да дәл осы Уын Инхаң болған екен. 

«Бұл жолғы 8 раундқа созылған айқаста төрешілер 2:1 деген есеппен Тоқтарбек Таңатқанға 2017 жылғы бокстан Қытайдағы «бокс королі» атағын берген» деп түйіндеген қытайлық ақпарат көзі «Жэньминь жибао».


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Қазақ отбасы Қомнан «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты - Тянь-шань порталы


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 

Қытайдағы қазақтар мекендейтін Алтай аймағы, Буыршын ауданына қарасты әйгілі саяхат өңірі саналатын «Қанас көлі» маңы қыс күндері де туристердің аяғы үзілмейтін құтты мекенге айналып отыр. Бұндай ақпарат осы аптада Тянь-Шань порталында хабарланған болатын.


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Осыған орай қазақ бақташысы Жекен қазір саяхат кәсібіне бейімделіп, Қом қыстағындағы Сұлу шоқының етегінен «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашқан.


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

«2017 жылы қарашадан қазірге дейін 400-ге жуық қонақ қабылдаған қазақ отбасының бүгінде кірісі еселеп артқан», - деп жазады аталған ақпараттық портал. Жекен мен жұбайы Сәулен дәмі тіл үйіретін жылқы еті мен қаймақты шайды әзірлеп, туристердің талғамына қарай тағам түрлерін де молайтуда. Олардың айтуынша, жақынғы жылдардан бері, саяхат өңірінен тапқан кірісі күн санап өсіп, қазір «Жұмақ мекен» атанған Қанастың жазы ғана емес, төрт маусымының бәрі де саяхаттың сара мезгіліне айналған.


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, әйгілі туристік орталықта жергілікті орын, жаңа қолға алынған «Қысқы саяхат» жобасы ақ көрпесін жамылып, мүлгіп жатқан «Қанас көлі» маңын ұйқысынан оятып, сонда мекендейтін тұрғылықты қазақтарға тың тіршілік сыйлапты. «Осындай орайлы сәтті мықты игерген жергілікті тұрғындар алыс өңірден келген өзге ұлт өкілдеріне қазақы салт-сана мәдениетін таныстырады әрі қар байлығынан тиімді пайдаланып, қар бетіндегі қызықты ұлттық және спорттық шараларды да өткізіп отыр» деп түйіндейді kz.ts.cn.


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 
Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 
Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 
Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Иран мен Қазақстан бірдей өркениеттік шеңберде орналасқа» - Pars ақпарат агенттігі


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу  

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Теһран-Астананың түрлі салалардағы қарым-қатынастарының серпінді және өзара тиімді мүдделерге негізделгенін айтты. Қазақстандық газетке берген Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Моджтаба Демирчилудың сұхбатындағы ең негізгі ойларын түйіндеген ирандық басылым осындай ақпарат жариялады.

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі қазақ-иран қарым-қатынасы мен ортақ рухани үндестік бірнеше ғасырдан бері жалғасын тауып келе жатқанын айтқан. «1992 жылдың қаңтар айының 29-ы күні Иран мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Бұл шын мәнінде бірнеше ғасыр бұрын ирандықтар мен қазақтар арасында болған қатынастарды қайта жандандыру саналады»,- делінген агенттікте.

Моджтаба Демирчилу мырза Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды ортақ тарих, ортақ дін, парсы және қазақ тілдерінде кездесетін ортақ сөздерден байқауға болатынын айтқан.

«Иран мен Орталық Азия мемлекеттерінің, әсіресе Қазақстанмен мәдени және тарихи байланыстарының өткені тереңде жатыр. Иран мен Қазақстан бірдей өркениеттік шеңберде орналасқан деп айтуға болады», - деген елші сөзімен түйіндеген parstoday.com. 

Алтынгүл Болатқызының қазақ мәдениеті туралы кітабы моңғол тілінде жарық көрді - KAZNEWS


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Доктор, профессор Алтынгүл Болатқызының «Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі», «Францияның моңғолтануы» атты кітаптары моңғол тілінде жарық көрді. Онда көшпелі қазақ халқының өмірі оның мәдениеті мен салт дәстүрі көрініс тапқан. Ұлтымыздың мәдениеті туралы бұндай жағымды жаңалық моңғолиялық kaznews.mn порталында жарық көрді.

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, Алтынгүл Болатқызы өзінің «Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі» атты кітабында қазақи салт-дәстүрдің ерекшеліктерін атап көрсеткен. Сонымен қатар, «Францияның моңғолтануы» атты кітабында моңғолтанушы ғалымдардың өмірбаяны мен еңбектері жазылған.

Доктор, профессор Алтынгүл Болатқызы Моңғолияның Ұлттық университетінде француз және румын тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.


Қытайдағы қазақ отбасы Алтай аймағында «Динаның үйі» атты саяхат үйін ашты- Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 

 


Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат