Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -3 °С
Алматы: 4 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады

2016 жылғы 23 қыркүйек 15:29 3806
Бөлісіңіз:
 Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдан Астанаға арнайы келген қазақ қыз өзінің бірегей туындысын Ұлттық музейге тарту етті.    

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Биылдың басынан бері асық жинап, жазда алшысынан тұрған 2 017 асықтан осы туындыны жасадым. Көріп отырғаныңыздай, бұнда Қазақстанның Мемлекеттік Туы бейнеленген. Осы ретте қазағымның асығы әрдайым алшысынан түссін деген идеяны негізге алдым»,-деді Құлан Жарқынқызы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар шебер қыз өзінің арманы туралы да айтып берді.

«Қытайда мектепті тәмамдағаннан кейін Қазақстанға келіп, азаматтығын алу негізгі жоспарымда бар. Осы ретте алдағы жылы Елбасының атындағы Назарбаев Университетіне оқуға түскім келеді»,-деді Қ. Жарқынқызы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық музейінде Қазақ көші басталуының 25 жылдығына және ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Атамұра ұрпаққа мирас» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы шара аясында шетелдегі қазақтар сақтап жүрген жәдігерлер, өткен ғасырда жасалған күміс ер, алаша, және басқа да қолөнер бұйымдары ұсынылған көрме ұйымдастырылып, осы құнды заттардың барлығы Ұлттық музейге сыйға тартылды. Конференцияға шетелден келген қандастарымыз, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.


Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады 
Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады 
Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады 
Қытайдағы қазақ қызы 2017 асықтан Қазақстанның туын жасады  

 

 


Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат