Қытайдағы қандастарымыз Димаш Құдайбергеновке қолдау көрсетпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың белгілі танымал әншісі Димаш Құдайбергенов Қытайда Хунан телеарнасының ұйымдастыруымен өтетін ең танымал әншілер бақ сынайтын тележарысқа қатысқалы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы бүгінде қытайда тұратын қандастарымыз әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр.

Желі қолданушының бірі: «2017 жылғы қытайда өтетін супер қойылымға қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенов қатысатыны белгілі болды. Біз бұл қазақстандық әншіні «Дәйдидау» әні арқылы жақсы танимыз. Барлық қандастар бұл хабармен бөлісе отырып, экран алдында Димаш бауырымызға барынша қолдау көрсетіп, дауыс берейік ағайын», - деп жазады.

null

Екінші бір желі қолданушысы жарыстың тікелей эфирде қашан көрсетілетінін де атап өткен. «Бұл телеқойылымның бірінші кезеңі қаңтардың 21 күні кешкі сағат 22:30-да (жергілікті уақытпен - автор) "Хунан" телеарнасында көрсетіледі. Қайда жүрсекте өз бауырларымызға демеу болайық. Қазақ әні миллиадтарды тамсандырсын, тек қана алға! Біз саған жеңіс тілейміз Димаш», - деп жазады.

Соңғы жаңалықтар